«Алпамыс» бөбекжай балабақшасына қош келдіңіздер!
Біздің балабақша 2013 жылдың 31 желтоқсанында кішкентай бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашты. Қазіргі таңда жас ерекшеліктеріне сай 4 топ жұмыс істейді, тәрбиеленушілер саны – 64 бала. Оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штат бойынша 32 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 11-і – білікті педагог мамандар.
«Алпамыс» балабақшасы ашылған күннен бастап балалардың жан-жақты дамуына бағытталған білім ордасы ретінде қалыптасып келеді. Жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып, оқу-тәрбие үдерісіне заманауи әдістер мен инновациялық бағдарламалар енгізілуде. Балабақша ұжымы ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңа білім беру үрдістерін тиімді ұштастырады.
Балалардың қауіпсіз, жайлы ортада тәрбиеленіп, олардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік қабілеттерін дамыту. Әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап, мектепке жан-жақты дайын тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада заманауи педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылады:
- цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
- интерактивті оқыту әдістері;
- ойын арқылы оқыту технологиялары;
- денсаулық сақтау және дамыту технологиялары;
- баланың эмоционалдық және психологиялық дамуын қолдайтын әдістер.
Бұл инновациялар балалардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Балабақша педагогтары өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады:
- біліктілікті арттыру курстарынан өтеді;
- семинарлар мен шеберлік сыныптарына қатысады;
- тәжірибе алмасып, ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялайды.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер жыл сайын қалалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталады.
Біздің балабақша тек білім беріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, ой-өрісі кең, шығармашыл, өздігінен шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді. Әр балаға және әр ата-анаға құрметпен қарау – біздің басты ұстанымымыз.
Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!





