Құзіреттілік орталық

Мектепалды даярлық тобының балалары “Әл-Фараби” мектеп-лицейіне қызықты экскурсия жасады. Бұл іс-шара біздің мектеппен сабақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды.

Балаларымыз мектептің кітапханасы, мұражайымен танысты.
Интерактивті тақтада ұяшықтар арқылы қызықты тапсырмалар орындап, білімдерін көрсетті!
Сонымен қатар, оқушыларымыз біздің балаларға «Үш жалқау» ертегісін сахналап, өз өнерлерін көрсетті.
Соңында мектеп директоры балаларға жүрекжарды тілегін айтып, арнайы сыйлықтар тарту етті.
Балалар өте қуанышты! Мектеп ұнады, әсерлері керемет!

Біздің балдырғандарымыз да жаттаған тақпақтарын айтып, өз өнерлерімен бөлісті.
Осындай әсерлі күннен естелік!

???? “Баларман” ЖШС “Өсу нүктесі” кешенінің шеңберіндегі “Алпамыс” бөбекжай-бақшасы” МКҚК құзыреттілік орталығының отырысы өтті.
Отырыс барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелік тәсілдерді талқылап, шеберлік сыныптарын көрсетті. ????
Жылдық жоспар бекітіліп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар мен жобалар жайлы пікір алмасу өтті.
Бұл басқосу – педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуға және бірлескен шығармашылық орта қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды. ✨
Осындай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына және шығармашылық серпін алуына үлкен мүмкіндік береді. ????✨
“Баларман” ЖШС “Өсу нүктесі” кешенінің шеңберіндегі “Алпамыс” бөбекжай-бақшасы” МКҚК құзыреттілік орталығының жоспарына сәйкес “ Инновациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің заманауи тәсілдері” дөңгелек үстел өтті.
Отырыс барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелік тәсілдерді талқылап, шеберлік сыныптарын көрсетті.
Бұл басқосу – педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуға және бірлескен шығармашылық орта қалыптастыруға бағытталған тиімді алаң болды.
Осындай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына және шығармашылық серпін алуына үлкен мүмкіндік береді.
“Құзіреттілік орталығы” жобасы аясында «Алпамыс»- бөбекжай балабақшасында,театрландырылған қойылым: “Ертегі қонаққа келеді” қойылымы көрсетілді. Қазақтың аңызға айналған кейіпкерлерін тәрбиешілер сомдап,бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар мен тапқырлықты дәріптейтін ертегі әлемін паш етті. Балаларға тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды.