Біздің балабақшада ұйымдастырылған «Таза аула» акциясы жоғары деңгейде өтті. Осы игі шараға белсене қатысқан ата-аналарымыз балабақша ауласына келіп, қоршаған ортаны тазалап, өз балаларына еңбекқорлық пен жауапкершіліктің нағыз үлгісін көрсетті.
Әсіресе, Әкелер клубының белсенді мүшелері өз іс-әрекеттерімен «сөзбен емес, іспен тәрбиелеу» қағидасын дәлелдеп, балаларына тамаша өнеге көрсетті.
Барша қатысушыларға зор алғыс білдіреміз! Белсенді ата-аналар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сіздердің қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз – балалардың жарқын болашағына қосылған үлкен үлес.






