«Адал азамат» бағдарламасының орындалуын және іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық қауымдастығының ардагерлер кеңесінің мүшелері жоспарлы түрде мектепке дейінгі білім беру негізінде “Алпамыс” бөбекжай- бақшасында” мазмұнды кездесу өткізді. Кездесуге ардагер ұстаздар Сауле Әбуқызы, Алтын Талиқызы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Айгул Кайыркенқызы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің маңыздылығы туралы құнды ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында балаларға Отанды сүю, үлкенді құрметтеу, бірлік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен адамгершілік сияқты ұлттық құндылықтарды бойға сіңірудің мәні кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар педагогтар мен қонақтар арасында тәжірибе алмасу жүріп, тәрбиенің сапасын арттыру жолдары талқыланды.
Осындай тағылымды кездесулер ұрпақ сабақтастығын нығайтып, саналы да тәрбиелі тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосады.

