Кеңес беру пункті

Кеңес беру кестесі
Апта күндері Жұмыс уақыты Жұмыс нысаны Жауапты маманның лауазымы
Дүйсенбі 14:00–16:00 Кеңес беру Әдіскер А.Е Коспакаева
Сейсенбі 14:00–16:00 Кеңес беру Педагог-психолог А.Е Коспакаева
2025–2026 оқу жылына арналған Кеңес беру пунктінің жұмыс жоспары

№ Айы Тақырыбы Мақсат/Мазмұны Жауапты
1 Қыркүйек Консультативтік пункт жұмысын ұйымдастыру Ата-аналарға бейімделу кезеңі туралы кеңес беру Меңгеруші, әдіскер
2 Қазан «Баланың балабақшаға бейімделудегі ата-ананың рөлі» Үй жағдайында тіл дамыту жаттығуларын үйрету Педагог-психолог, тәрбиеші
3 Қараша «Сөйлеу тілін дамыту ойындары» Дұрыс тамақтану, денсаулық сақтау кеңестері Тәрбиеші
4 Желтоқсан «Қыс мезгілінде баланың иммунитетін нығайту жолдары» Ата-аналарға ертегі оқу арқылы дамытудың пайдасын түсіндіру Медицина қызметкері
5 Қаңтар «Ертегілер терапиясы: тәрбие мен тіл дамыту құралы» Мінез-құлық ерекшеліктерін түзету жолдары Әдіскер
6 Ақпан «Қиын мінезді балалар: не істеу керек?» Сөйлеуді түзетуге арналған жаттығулар Психолог
7 Наурыз «Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету жолдары» Үй жағдайында оқу, жазу, санау дағдыларын дамыту Тәрбиеші
8 Сәуір «Мектепке дайындық – ата-анамен бірлескен жұмыс» Жыл бойғы нәтижелерді саралау, ұсыныстар беру Тәрбиеші, әдіскер
9 Мамыр Жылдық қорытынды: «Бала дамуы – ата-ана мен маманның бірлескен жұмысы» Ата-аналарға бейімделу кезеңі туралы кеңес беру Әдіскер, меңгеруші

Ата-аналарға кеңес! Ұсақ қол моторикасын дамыту – баланың саусақтары мен қолының ұсақ бұлшықеттерін жаттықтыру процесі. Бұл дағдылар балаға заттарды ұстау, жинау, қысып ұстау және дәл қимылдар жасауға көмектеседі. Ұсақ моториканың дамуы сөйлеу қабілетін, шығармашылық ойлау мен дене координациясын жақсартады. Қарапайым жаттығулар мен ойындар арқылы ата-аналар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға оңтайлы жағдай жасай алады.

Балалардың сөйлеу тілін саусақ ойындары арқылы дамыту

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
— В.А. Сухомлинский

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрседен тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік легенімізі барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызықшыл, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамуы, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуы саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Ал, саусақ ойындарды балалар қызықтан ойнайды. Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетін айқындалған. Саусақ ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Саусақ ойындарының мақсаты:
Балаларға саусақ ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үздіксіз ұйымдастыру әрекетіне енгізу.

Атқаратын міндеттері:

  • Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру;
  • Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу;
  • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру;

Әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. Саусақ ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, әңгіме туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу

Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Баланың балабақшаға баруы дегеніміз — оның бейтаныс жағдайға тап болуын білдіреді, бұрын тұрақты байланыстардың кейбіреулерінің бұзылуы мен жаңалықтың жылдам пайда болуын талап етеді. Бұл міндеттердің күрделілігі, мектепке дейінгі мекемеге бару балада психикалық стрестің дамуына әкеледі.

Стресс — бұл анасынан айырылу және бейтаныс балалармен және бөтен ересек адамдармен қалғызын өзінің қалу қажеттілігі, өйткені бұған дейін бала жаңа жағдайға кезіккен кезде үнемі анасының қолдауын алатын еді және оның жанында болу — бала үшін психологиялық қорғау.

Сондай-ақ балада құрдастырымен қарым-қатынасқа деген мұқтаждық әлі қалыптаспаған, бірлесіп ойнау дағдылары әлі дамымаған. Нәтижесінде алғашқы күндері балада ауыр жағымсыз әсерлер қалдыратын жағдайлар болады, салдарынан ол әрі қарай баруға қарсылық көрсетеді.

Баланың тез бейімделуіне отбасы үлкен рөл атқарады. Ата-аналар айғай — шусыз және ашусыз баланың балабақшасына мүмкіндігінше ауыртпалықсыз кіруі үшін, қажетті ақпараттар алуы керек.

Ата-аналар келесі сұрақтарға жауап беруі керек: «Бейімделу сипаты немен анықталады?», «Баланы балабақшаға қалай дайындауға болады?»

Баланың бейімделуіндегі жағдайын келесі факторлар анықтайды:

  • Баланың жасы;
  • Жеке психологиялық ерекшеліктері;
  • Баланың жас ерекшеліктерінің дамуы, және денсаулық жағдайы.

Дәстүрлі түрде бейімделу үш түрге бөлінеді: жеңіл, орташа, ауыр. Жеңіл бейімделу 2-6 апта, орташа — 4-6 апта, ауыр 6 айдан 9 айға дейін созылуы мүмкін. Баланың балабақшаға баруы үшін бірінші кезекте ата-аналар дайын болуы керек.

Ата-ана баланың балабақшада жақсы бейімделуі мінез-құлқы мен өзін-өзі күту дағдыларының қалыптасқандығында екендігін білуге тиісті. Бала тәрбиешімен және басқа балалармен амандаса білуі керек, қалай ересектердің назарын өзіне әдепті түрде аудара алуы керек екендігін жақсы білуі керек.

Ата-ана балабақшамен алдын ала баланы таныстыру керек, баласымен серуен кезінде келіп, ойнап жатқан балаларды бақылау, тәрбиешімен танысу керек.

  • кезекке қою бөліміне кіреміз
  • кезекке тұру батырмасын басамыз
  • содан кейін 2 нақты телефон нөмірін енгіземіз, себебі оларға растау үшін смс-кодтар жіберіледі
  • растау кодының ұяшығына кодты енгіземіз
  • ата-ана мен баланың ЖСН-ін енгізіп, аты-жөнін толтыру батырмасын басамыз
  • баланың нақты мекен-жайын толтырамыз
  • егер бала кезектен тыс жеңілдіктің иесі болса, оны растайтын құжаттарды (әскери қызметшілердің, арнайы органдар қызметкерлердің жұмыс орнынан анықтама) тіркейді, ал бірінші кезектегі жеңілдік туралы автоматты түрде Мемлекеттік базадан мәлімет келіп түседі, егер жеңілдіктер жоқ болса Жалғастыру батырмасын басамыз
  • хабарлама түрін және тілін (SMS немесе Email) таңдаңыз, ок басыңыз және одан әрі басыңыз
  • толтырылған мәліметтерді тексереміз, егер өтініш дұрыс болса Жалғастыру басыңыз
  • өтініш автоматты түрде тіркеледі және 15 минут ішінде өтініш нөмірі бар SMS келеді

Ұсақ қол моторикасын дамыту – баланың саусақтары мен қолының ұсақ бұлшықеттерін жаттықтыру процесі. Бұл дағдылар балаға заттарды ұстау, жинау, қысып ұстау және дәл қимылдар жасауға көмектеседі. Ұсақ моториканың дамуы сөйлеу қабілетін, шығармашылық ойлау мен дене координациясын жақсартады. Қарапайым жаттығулар мен ойындар арқылы ата-аналар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға оңтайлы жағдай жасай алады.

Ата-аналар арасында жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Махаббат баспалдағы» тақырыбы аясында ізгі тілектер білдірді. Ата-аналар қызыға қатысты.

Балабақшамызда «Кеңес беру пункті» жұмыс жасайды. Егер сіздің балаңыз балабақшаға бармаса және сізде сұрақтар туындаса, баланың тәрбиесі мен дамуына байланысты бізге жүгіне аласыздар! Біздің мақсатымыз:

  • педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған ата-аналарға;
  • балалардың жеке басының жан-жақты дамуына қолдау көрсету.