САБАҚТАСТЫҚ — БІРІЗДІ БІЛІМ НЕГІЗІ
Әл-Фараби мектеп-лицейінде бүгін балабақша мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастыққа арналған маңызды шара өтті.
Білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесуге біз, «Алпамыс» балабақшасының мектепалды тобының тәрбиешілері, арнайы барып, өз іс-тәжірибемізбен бөлістік.
???? Шара барысында:
???? Бастауыш сынып мұғалімдері мен даярлық топ педагогтері шеберлік сыныптар өткізіп, өзара тәжірибе алмасты;
???? Психолог маман оқушылардың мектепке психологиялық дайындығы туралы маңызды мәліметтермен бөлісті;
???? Біз «Ойын технологиясы арқылы балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, ойын арқылы білім мен тәрбие берудің тиімді жолдарын көрсеттік.
✨ Шара өте жоғары деңгейде өтті. Ұжымдар арасындағы кәсіби байланыс нығайып, баланың жан-жақты дамуына бағытталған жаңа идеялармен толықтық.
Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз!



