Заң мен тәртіп

Бақшамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заңым – ардағым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерге Ата Заңымыздың мемлекетіміз үшін маңызы мен мәнін түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және отан сүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері таныстырылып, қызықты сұрақ-жауаптар мен ойындар ұйымдастырылды. Балалар Отан, заң, құқық туралы өлеңдер оқып, тақырыпқа сай суреттер көрсетті.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында туған елге деген құрметті қалыптастыруға, Ата Заңымызды қастерлеуге және заңды сыйлауға тәрбиелеуге бағытталды.
????????✨ «Мен және менің Отаным» атты фото көрме.
Көрмеде балалардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігі суреттер арқылы бейнеленді.
«Айбары асқақ – Ата Заң» мерекелік жоспарына сәйкес өткізіліп, бүлдіршіндердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
«Бейбіт елдің балалары» тақырыбында іс-шара
Ортаңғы топ балалары сурет пазлдарын құрастырып, қызықты ойын арқылы өздерінің бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті.
Сонымен қатар Ата Заң күніне орай балалармен әңгіме-сұхбат жүргізіліп, олар өз ойларын бөлісті. ????????
???? Іс-шараның мақсаты – балалардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру.
Тілдер апталығы аясында «Мәңгілік ел – мәңгіліктіл» атты патриоттық бұрыш байқауы топтар арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, балаларға отансүйгіштік пен тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру. Әр топ өз шығармашылығы мен талғамын көрсетіп, мазмұнды бұрыштар жасақтады.
Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Мектепалды
» Ботақан ‘ тобында «Мен Қазақстан баласымын» тақырыбында интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды
Балалар Отан туралы білімдерін ойын түрінде пысықтап, патриоттық сезімдерін, қызығушылықтарын арттырды
???? Зияткерлік ойындар күні
Бүгін балабақшада «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында барлық топ балалары қатысқан зияткерлік ойындар өткізілді.
Балалар қызықты жұмбақтар шешіп, түрлі танымдық ойындар ойнап, Қазақ елі бойынша саяхат жасап, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Шара барысында ұлтжандылық, отансүйгіштік сынды құндылықтар бала бойына дарытылды.
25 қазан — Республика күніне орай бүгін балабақшамызда «Асқақта, Қазақ елі! атты салтанатты мерекелік ертеңгілік өтті.
Бұл ерекше күнде балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең оқып, ән шырқап, би билеу арқылы білдірді.
Сонымен қатар, олар тақырыпқа сай қызықты ойындарға қатысып, өздерінің өнерлері мен таланттарын ортаға салды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кішкентай бүлдіршіндердің жүрегінде туған елге деген мақтаныш сезімін ұялатты.
???????????? «Күз – береке, ел – мереке» атты қолөнер байқауы ????
Қазан айында балабақшамызда Республика күні мен күз мезгілін біріктіре отырып, топтар арасында қолөнер байқауы ұйымдастырылды. ????✨
Байқаудың мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.
Ата-аналар мен балалар өз қиялдарын іске асырып, түрлі табиғи материалдардан ерекше туындылар дайындады. ????
Белсене қатысқан ата-аналар алғыс хаттармен, ал балалар сыйлықтар мен тәттілермен марапатталды. ????????
Барлық ата-аналарға және кішкентай шеберлерімізге белсенді қатысқандары үшін үлкен алғыс білдіреміз! ????