Бүгін «Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде балабақшамызда сенбілік өтті. Мұндай бастамашылық аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, мекеменің ауласын таза әрі жайлы етуге септігін тигізеді. Сенбілікке қатысқан баршаңызға үлкен алғыс білдіремін. Өйткені экология мен табиғат – адамзаттың қолында.






