Көктем – жаңару мен табиғатқа қамқорлық уақыты!
Балабақшамыздың бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге «Құстарға арналған ұяша» экологиялық акциясына белсене қатысты. Бұл игі шараның мақсаты – тек ұя жасау ғана емес, балаларды табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Осындай игі іске атсалысқан барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Енді ауламызда құстар үні көбейіп, балалар жүрегінде мейірім арта түседі.







