«OLYMPIC – FEST 2026»

«OLYMPIC – FEST 2026»

Бүгін балабақшалар тәрбиеленушілері арасында «Толағай» спорттық жарысы көңілді де тартысты өтті!

Жарысты «Балдаурен» балабақшасы ұйымдастырып, мектепке дейінгі ұйымдардан келген бүлдіршіндер өзара бақ сынасты.

Балалар жарыс барысында шапшаңдықтарын, ептіліктерін, күш-жігерлері мен командалық бірліктерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, спорттық сайысқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Спорттық мереке — балаларға қуаныш, достық және жағымды эмоция сыйлайтын ерекше сәт!

Жеңіс пен сәттілік серіктеріңіз болсын!