Құрметті ата-аналар (заңды өкілдер)!
«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну мәселесі бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлайды.
Жиналыстың өткізілу күні: 2026 жылғы 25 қазан
Уақыты: 17:00
Өткізілетін орны: «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы» КМҚК
Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну тәртібі:
Ата-аналар (заңды өкілдер) әр топтан бір кандидаттан артық емес ұсынуға құқылы.
Кандидатуралар жиналыста ауызша немесе алдын ала білім беру ұйымының басшысының атына жазбаша түрде, кандидаттың келісімімен ұсынылуы мүмкін.
Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтар өз кандидатураларын өздері ұсынуға құқылы.






