Балабақшамызда қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Балалар жүрегінің шебері» атты педагогтер арасындағы кәсіби байқау жоғары деңгейде өтті. Аталған байқау мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи білім беру тәжірибелерін насихаттауға, шығармашылық ізденістерін қолдауға және үздік педагогикалық идеяларды көпшілікке танытуға бағытталды.
Байқауға қала көлеміндегі 9 балабақша қатысып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін, жаңашыл жобаларын, тәрбие мен оқытудағы тың әдіс-тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, заманауи технологияларды тиімді қолдану арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Байқау барысында педагогтер түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, кәсіби шеберлік, сахналық мәдениет, шығармашылық қабілет, инновациялық көзқарас және балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері бойынша бағаланды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың әрбір жұмысына жан-жақты сараптама жасап, үздіктерді анықтады.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі — ГРАН-ПРИ «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-на табысталды. Ұжым байқауда жоғары кәсіби дайындық пен шығармашылық ізденістің озық үлгісін көрсете білді.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан Гулливер б/б, «Балапан» б/б, «Алтын бесік», «Сауле», «Айгөлек» бөбекжай-бақшалары арнайы номинациялар бойынша марапатталды:
Байқаудың ерекшелігі — әрбір қатысушы ұжымның еңбегі еленіп, барлық балабақшалар арнайы дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл — педагогтердің еңбегіне көрсетілген құрмет пен олардың кәсіби дамуына берілген үлкен қолдау болды.
Шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңа бағыттар мен заманауи әдістерді талқылады. Байқау педагогтердің мәртебесін көтеріп, шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берген тағылымды алаңға айналды.
«Балалар жүрегінің шебері» байқауы — балалар тәрбиесіне жүрек жылуын арнаған педагогтердің кәсіби шеберлігін дәріптеген, ізденіс пен тәжірибені ұштастырған мазмұнды әрі маңызды шара болды.






