«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» тақырыбында тренинг өткізілді

«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту және балаларға мейірім мен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында ата-аналар түрлі тренингтік жаттығуларға қатысып, өз ойларымен бөлісті, бала тәрбиесіне қатысты тәжірибе алмасты. Қатысушылар отбасылық құндылықтар, тиімді қарым-қатынас және баланың эмоционалдық дамуын қолдау жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.
Тренинг қызықты әрі мазмұнды өтіп, ата-аналардың белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Ата-аналарымызға ынтымақтастықтары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!