Республика күніне орай «Балапан» тобының тәрбиеленушілері арасында «Өнерлі әже – өнегелі ұрпақ» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Әжелер клубының» мүшелері шақырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз туралы әңгіме өрбітті. Әжелеріміздің өнегелі әңгімелерін тыңдаған балалар қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жасап, түрлі бұйымдарды безендірді.
Мұндай кездесулер балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді.
Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат, әже өнегесі – тәрбие бастауы!
Республика күні құтты болсын!













