«Педагог және заң» тақырыбында ақпараттық сағат өтті

Бақшамызда «Заң мен тәртіп» жоспары аясында құқықтық мәдениетті нығайту және Заң мен Тәртіп қағидаттарын насихаттау мақсатында «Педагог және заң» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық мәдениетін жетілдіруге және қазіргі қоғамдағы өзекті өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы мағлұмат беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.