Республика күніне арналған жоспар аясында «Әкелермен бірге ұлттық мұраны жаңғыртамыз» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар мен әкелер ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, асық ату, хан талапай және басқа да қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.
Мұндай шаралар балалардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, үлкендер мен балалар арасындағы байланысты нығайтады. Ұлттық ойындар арқылы өскелең ұрпақты ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелейміз.
Ұлттық мұрамызды ұлықтау – ұрпақ алдындағы парызымыз!
�#ҰлттықОйындар�#АсылМұрамыз�#ӘкелерменБірге�#АдалАзамат�#ҰлттықҚұндылықтар










