15 мамыр күні «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері «Чудо дети» байқауының гала-концертіне қатысты.
Біздің жас таланттар көрермендерге жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Осындай шараға қатысу балалар үшін нағыз мереке әрі құнды тәжірибе болды.
Байқауды ұйымдастырушыларға, педагогтер мен ата-аналарға қолдауы және балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!






