Балабақшада балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

???? Қауіпсіздік — әр баланың қорғаны!
Мектепке дейінгі ұйымымызда «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында ересек топ тәрбиеленушілерімен танымдық іс-шара өткізілді.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар бейне материалдар көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары айтылды.
Мақсат — балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және сақтық шараларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.