Бағдаршам қонақта: балалар жол ережесін үйренді

Бүгін балабақшамыздың ауласында ересектер тобының қатысуымен «Бағдаршам бізде қонақта» атты танымдық іс-шара өтті.
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерін түсіндіру және көшеде қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрету.
Бүлдіршіндеріміз таза ауада қызықты жұмбақтар шешіп, «Жол белгілері» ойынын ойнады және бағдаршамның түстеріне байланысты ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Шара өте көңілді өтіп, балалар жол ережесін жақсы меңгергендіктерін көрсетті!