МКҚК «Алпамыс» бөбекжай-бақшасында «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізу бойынша әдістемелік жұмыс жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және түрлі өмірлік жағдайларда қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара барысында :
Педагогтерге әдістемелік ұсынымдардың негізгі бағыттары түсіндірілді;
Балалар арасында қауіпсіздік және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды;
Қауіпсіздік – бала өмірі мен болашағының кепілі!
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамызға ортақ міндет.









