«Алпамыс» бөбекжай-бақшасында ата-аналардың қатысуымен «Гаджетсіз кеш: кішкентай жастан бастап киберқауіпсіздік» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ата-аналармен бірге балалардың гаджеттерге тәуелділігінің алдын алу, экран уақытын тиімді реттеу, интернетті қауіпсіз пайдалану және баланың цифрлық сауаттылығын ерте жастан қалыптастыру жолдары қарастырылды.
Түрлі қызықты тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстар арқылы ата-аналар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерге назар аударды.
Гаджет баланың уақытын алмасын, ата-ананың мейірімі мен шынайы қарым-қатынасы әрдайым бірінші орында болсын!
Балаға ең керегі – қымбат гаджет емес, ата-анасының назары мен бірге өткізген бағалы уақыты!






