«Алтын күз» – берекелі күз мерекесі!

Біздің «Балапан» тобында жыл мезгілдерінің ішіндегі ең әсемі – алтын күзге арналған «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік ерекше сән-салтанатымен өтті!

Мерекелік шара балалардың шаттыққа толы күлкісімен, көтеріңкі көңіл күйімен және жүрекке жылы тиетін әсем әндерімен өрнектелді. Бүлдіршіндер күздің байлығы мен сұлулығын жырлап, өз өнерлерін ортаға салып, мерекеге ерекше қуаныш сыйлады.

Күздің молшылығы мен берекесін дәріптеген бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.

Осындай әдемі мерекенің өтуіне атсалысқан бүлдіршіндерімізге, ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!

Алтын күз әр шаңыраққа молшылық, береке, шаттық пен қуаныш әкелсін!