Біздің балабақшамызда «Құлыншақ» мектепалды топ балаларының асыға күткен «Алтын күз» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті!
Күздің әсем көрінісін әсем әнмен, күмбірлеген күймен, мың бұралған бимен және көңілді ойындармен өрнектеген бүлдіршіндеріміз мерекеге ерекше сән берді.
Балалар күз байлығы туралы тақпақтарын айтып, өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем безендірілген зал мен күзгі мерекенің ерекше атмосферасы барша қатысушыларға қуаныш сыйлады.
Мерекенің өтуіне атсалысқан бүлдіршіндерімізге, ата-аналарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз!
Осындай жарқын сәттеріміз көп болсын! Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен қуаныш кетпесін!







