Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында балабақшада өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-төтенше жағдайларда балалар мен қызметкерлердің дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, эвакуациялау тәртібін оқыту және қауіпсіздік ережелерін бекіту.
Оқу-жаттығу барысында шартты өрт туралы дабыл қағылды. Дабыл шыққаннан кейін тәрбиешілер балаларды сабырлы болуға шақырды және оларды белгіленген эвакуация жолдары арқылы көшеге шығарды. Әр топ тәртіпте және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып эвакуацияланды.
Балабақша қызметкерлері өрт кезінде қолданылатын алғашқы қауіпсіздік шараларын көрсетті.
Жаттығу кезінде эвакуация уақыты тексеріліп, барлық тәрбиеленушілердің толық босатылғаны анықталды. Қызметкерлер өз міндеттерін жауапкершілікпен орындады және ұйымдасқан түрде әрекет етті.
Іс-шара соңында балалармен түсіндірме әңгіме өткізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелері қайталанды, қауіпсіз мінез-құлық туралы сұрақтар мен жауаптар ұйымдастырылды.





