«Мектеп пен балабақша» сабақтастығы: ынтымақтастықтың бірыңғай ашық есік күні!!
Бүгін, 24 қыркүйек күні, “Әл-Фараби”мектеп лицейі мен балабақша педагогтарының арасында жылы әрі мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында әріптестер мектепке барып, білім беру үдерісімен, ашық сабақтармен танысты. Мектепалды және бастауыш білім берудің сабақтастығына қатысты өзекті мәселелер мен көкейде жүрген сұрақтар талқыланды.
Ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және бірлескен талқылау көптеген сұрақтарға жауап табуға және алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Педагогтерге қонақжайлығы, ашықтығы және қызықты кездесуі үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Бірлескен жұмысымыз нәтижелі болып, мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық одан әрі нығая берсін!









