Рәміздер күніне орай «Құлыншақ» тобында ашық іс-әрекет ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін кеңейтіп, олардың мәні мен маңызын таныды. Балалар рәміздерге байланысты танымдық әңгімелерге қатысып, шығармашылық жұмыстар орындады, суреттер бояп, құрастырмалы ойындар арқылы мемлекеттік рәміздерді құрастырып шықты.
Тәрбиеленушілер белсенділік танытып, өз Отанын құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.







