«Жол ережесін білу – қауіпсіздік кепілі»

???? «Жол ережесін білу – қауіпсіздік кепілі»
«Заң мен тәртіп» аясында бүгін балабақшамызда бүлдіршіндердің жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекітуге арналған қызықты әрі танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Сабақ ойын түрінде өткізіліп, балалар белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті. Іс-шара барысында олар:
???? «Бағдаршам» ойыны арқылы түстердің мағынасын (қызыл, сары, жасыл) қайталады;
???? Арнайы пазлдар құрастыру арқылы негізгі жол белгілерімен танысты;
???? Полиция қызметкерінің рөліне еніп, көшедегі тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын түсінді.
Мұндай тағылымды сабақтар балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, жолда сақ әрі тәртіпті болуға тәрбиелейді.
????‍♂️ Жол ережесін сақтау – әрбіріміздің міндетіміз!
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!