Ұлттық құндылықтар – ұрпақ тәрбиесінің негізі!

«Баларман» ЖШС тәрбиешілері «Өсу нүктесі» кешені аясында «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы» МКҚК құзыреттілік орталығында ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесіне кіріктіру» тақырыбындағы семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты – ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету, педагогтердің озық әдіс-тәсілдері мен практикалық тәжірибесін бөлісу.

Іс-шара барысында тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, ұлттық тәрбие берудің заманауи әдістерімен танысып, кәсіби білімдерін толықтырды.

Осындай тағылымды кездесулер педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, ұлттық мұрамызды жас ұрпақтың бойына сіңіруге үлкен үлес қосады.

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағының бастауы!