«Қошақан» тобында «Алтын күз – береке мен молшылық мерекесі»

«Қошақан» тобында «Алтын күз – береке мен молшылық мерекесі»

Бүгін балабақшамыздың «Қошақан» ортаңғы тобында жылдың ең әсем мезгілі – алтын күзге арналған

«Алтын күз – береке мен молшылық мерекесі»

атты көңілді де әсерлі ертеңгілік өтті!

Балалар күздің ғажайып көрінісін әнмен әрлеп, әсем бимен көркемдеп, тақпақтарымен мерекенің сәнін келтірді. Түрлі қызықты ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Балалардың жарқын күлкісі, шаттыққа толы жүздері мен тәтті өнерлері мерекемізді ерекше әсерге бөледі.

Осындай әдемі сәттер балаларымыздың балалық шағында жарқын естелік болып қалсын!

Күзіміз құтты, берекелі болсын!Әр шаңыраққа молшылық, қуаныш пен шаттық тілейміз!